Қартайған халықтың бас қайғысы
Қартайған халықтың бас қайғысы
5 жыл бұрын 2466 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапония әлемде ең шапшаң қартайып бара жатқан халық. Осыған байланысты қарттардың күтіміне кететін шығын жылдан жылға бірнеше есеге артып отырады. Сондай шығындардың бірі - қарттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. Бұл тығырықтан шығу үшін, яғни, қаттарға кететін шығынды барынша тиімді ету үшін күншығыс елінің билігі жатпай-тұрмай ізденуде. Осы мақсатта дәрі-дәрмек бағасын бақылау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Алайда, бұл шара өз кезегінде нарықтан инновациялық дәрі-дәрмекті ығыстыруы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік қадағалау мен реттеу бұл мәселеде кері әсерін тигізеді. Аталған елде жапондар жаңа дәрі-дәрмекке қол жеткізе алады, өйткені, олардың бағасын үкімет белгілейді әрі мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылады. Ендігі жерде жағдай өзгеруі мүмкін. Қарттар күтіміне кететін шығынның өсуіне байланысты бағаны тежеп ұстау мақсатында дәрі-дәрмектің экономикалық тиімділігін тексеріп отыруға мүмкіндік беретін тест қолданысқа енгізіледі. Десе де бұл шара өз кезегінде жапон нарығынан шамамен 86 млрд долларға бағаланған жаңа инновациялық дәрі-дәрмекті ығыстырып шығаруы мүмкін. Бұдан бөлек, жаңа дәрі-дәрмектен қағылуы мүмкін пациентердің өздері мұндай радикалды өзгеріске наразылық білдіріп отыр. Жапония үкіметінің есебінше, 2040 жылға қарай ммлекетік медициналық жәрдемге жұмсалатын шығын 75%-ға дейін, яғни, 68,5 трлн иенге (624 млрддолларға) дейін артпақ. Өткен жылдың желтоқсан айында аталған елдің премьер-министрі Синдзо Абэ науқастарға кететін шығынды анықтау барысында ем-дом әдісін бекітуді ұсынған болатын. Яғни, науқасты аз шығынмен емдеу тәсілдері таңдалуы тиіс деп есептейді. Мұндай шектеу шарасы қаншалықты тиімді? Өткен жылдың сәуір айында күншығыс елінің денсаулық сақтау министрлігінде жарияланған аталмыш жоба бірыңғайда Ұлыбритания секілді елдерде қолданылатынын алға тартуда. Мәселен, бір науқасқа шаққанда жыл бойы нақты бір дәрімен қамтамасыз ету оның баламасымен, яғни, басқа дәрімен салыстырғанда қанша тұратыны ескеріледі. Егер сома 5 млн иеннен асып түссе, үкімет бағаны төмендетуге міндеттейді. Медициналық экономикаға мұндай шектеу шарасы керек пе өзі? 

0 пікір
Мұрағат