Қала әкімі мұсылмандарды қолдау үшін қандай қадамға барды?
Қала әкімі мұсылмандарды қолдау үшін қандай қадамға барды?
7 жыл бұрын 2987 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың Сиэтл қаласының әкімі Эд Мюррей мұсылмандар десе арқасы құрысып қалатын әрі аты-шулы жарлығымен (президент болып сайланғаннан кейін) және мәлімдемелерімен (президент сайлауына дейінгі) Дональд Трамптың Ақ үй қожайыны атануынан соң тіптен арқаланып кеткен исламофобтардың аптығын басу үшін жыл сайынғы қала тұрғындарына жасайтын дәстүрлі жолдауын әкімшілік ғимаратында емес, мешітте өткізетін болды. Ол осылайша Ақ үй тарапынан кемсітушілікке ұшыраған осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қолдау көрсетпек. Діні өзге болса да. Бұл жайында KIRO7 ақпарат көзі хабар таратты. Қала әкімінің бұл қадамын исламофобтар қатаң сынға алып, "дін мен мемлекеттің бөлек екенін" мемлекет адамы ретінде сақтамай отыр, деп айыптап жатыр. 

0 пікір
Мұрағат