Қажылыққа барғысы келетіндерге талап күшейді
Қажылыққа барғысы келетіндерге талап күшейді
6 жыл бұрын 5876

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы Меккеге қажылыққа барғысы келетіндерге талапты күшейтті деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі rus.ozodlik.org басылымына сілтеме жасап. 1 желтоқсанда жарияланған пәтуа бойынша кандидат енді алты талапқа сай болуы тиіс. 

Өзбекстан діни басқармасының жаңа пәтуасында айтылғандай, кандидаттың өзінде қажылық шығынын өтей алатындай ақша болуы керек.

Сонымен қатар ол өзі тұратын махаллада беделді кісі болуы тиіс.

«Қажылар тізімне қосардың алдында кандидаттың қаржылық жағдайы ғана емес, моральдық бет-бейнесіне де назар аудару қажет. Ол рухани жетілген, исламның өзге төрт шартын ұстайтын адам болуы тиіс» делінген пәтуада.

Діни басқарманың мәліметі бойынша соңғы жылдары өзбек қажыларының ішінде материалдық жағдайы және денсаулығы нашар адамдар болған.

«Ол өзбекстандықтарды қажылыққа ата-ана алдындағы борышымыз деп немесе қоғамда беделге ие болу үшін балалары жібергені анықталды».

Басылым хабары бойынша, осы қыркүйекте Сурхандария облысында күйеуі қажылыққа кеткен кезде оның бәйбішесі екінші әйелді өлтіріп, екі баласымен бірге үйін өртеп жіберген. Ал тамыз айында Меккеге апиын және валюта апармақ болған қажы ұсталды.

32 миллион тұрғыны бар Өзбекстан үшін қажылық квотасы биыл 40% өскен. 2017 жылы 7,5 мың Өзбекстан азаматы қажылыққа барды. Жылдың басында бұл елде екінші рет қажылыққа баруға тыйым салынды.

Басылымның хабарына қарағанда, Өзбекстанда көптеген мұсылмандар қажылыққа бару үшін бірнеше жылдап кезек күтуге мәжбүр. Кейбір азаматтар қажылыққа бару мәселесін шешуде пара және тамыр-таныстық бар екенін айтып шағымданған.

0 пікір
Мұрағат