Қадағалау қосымшасын пайдалануға тыйым салынды
Қадағалау қосымшасын пайдалануға тыйым салынды
5 жыл бұрын 2531 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың федералды сауда комиссиясы (FTC) алғаш рет ата-аналарға балаларының қайда жүргенін, ал жұмыс берушілерге қызметкерлерін қадағалауға мүмкіндік беретін қосымшаны пайдалануға тыйым салды. Тиісті құжат елтоқсан айының 22-сі күні аталмыш ұйымның сайтында жарияланды. Бұл тыйым қадағалау қосымшасын жасайтын компаниясына да қатысты. Яғни, FTC аталған компанияға да қадағалау қосымшасын жасауға тыйым салып отыр. Өйткені, Retina-X Studios өз өнімінің заңды мақсатта пайдаланылатынына кепілдік бере алмайды. Қазіргі уақытта аталған елде қадағалаушы қосымша нарығында мұндай бағдарламаны жасаумен айналысатын компаниялардың Zoemob, Life360, Sygic Family Locator, т.б. бағдарламалары кеңінен танымал. АҚШ билігінің неліктен мұндай қадамға барғаны ашып айтылмаған. Десе де адам бостандығы мен құқығына қол сұғуға мүмкіндік беретін мұндай бағдарламаларды адам құқығына және еркіндігіне қайшы, деп тануы мүмкін екенін айтады сарапшылар. Аталмыш қадағалау қосымшасын. 

0 пікір
Мұрағат