|
Путин мұсылман отбасында дүниеге келген
|
Ресей Федерациясында тағы бір шаранаға ел президентінің құрметіне Путин есімі берілді. Шарана Дағыстан астанасы - Махачкала қаласында сәуір айының 17-і күні Ауғанстан азаматының отбасында дүниеге келген. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары баланың туу туралы куәлігін жарыса жариялап жатыр: расында, аты-жөні графасында "Путин Амануллаевич" деп жазылған. Бірақ, фамилиясы жасырылған. Құжатты 2017 жылдың сәуір айының 25-і күні Дағыстан астанасындағы азаматтық хал актілерін тіркеу орны берген. Айта кетейік, бұған дейін де Путиннің құрметіне есімі қойылған шарана болған. Ол - РФ азаматтығын алған тәжік отбасында дүниеге келген бала.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр