Жауын шақыру үшін дронды пайдаланатын болды
Жауын шақыру үшін дронды пайдаланатын болды
7 жыл бұрын 4818 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі құрғақшылық жайлаған аймақтарда көп ұзамай дрон пайдаланылатын болады. Дрон бұлттарды айдап әкеледі. Тәжірибе жүзінде жүзеге асырылатын Rain Enhancement Science бағдарламасы бойынша экологиялық тұрғыдан таза саналатын дрон бұлтты "электрлеу" жолымен жнайды. Бұл мүмкіндік қазіргі уақытта аталған елдің метеорология және сейсмология орталығында егжей-тегжейлі зерделеніп жатыр. Бұл әдіс-тәсілдің мәні ұшатын аппараттың ылғалдандыру арқылы табиғи жолмен бұлттардың пайда болуына ықпал етуге саяды. Дрон бұлтқа электрлі зарядын жіберетін болады. Бұл әдістің бір артықшылығы - қоршаған ортаға залалы жоқ. 

0 пікір
Мұрағат