Пластик қоқыспен күресті мемлекеттік деңгейде жүргізетін болады
Пластик қоқыспен күресті мемлекеттік деңгейде жүргізетін болады
5 жыл бұрын 2645 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Индонезияның теңіз саясаты жөніндегі үйлестіруші министр Лухут Бинсар Панджаитан аталмыш елдің 2025 жылға дейін пластик қоқысты 70%-ға кемітетінін мәлімдеді. Индонезия билігінің бұл қадамы әлем қауымдастығы тарапынан қолдау тапты. Бұл жайында Antaranews ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Индонезияның теңіз істері жөніндегі министрлік, өнеркәсіп министрлігі, қоршаған ортаны қорғау әрі орман шаруашылығы министрлігі адамзаттың бас ауруына айналған бұл мәселені пластик саласындағы институттармен бірлесе жұмыс істеп, іскер топтарды, қоғамдық ұйымдарды, өзге де мүдделі тұлғаларды жұмылдыратын болады. Индонезияның мұхиттағы пластик қалдықтардың 70 пайызын, қатты қоқыстың 30 пайызын жоюға бел буып отыр. Статистикалық дерек бойынша күніне әлемдік мұхитқа 35-40 тонна қоқыс тасталады екен. Олардың денін табиғи жолмен ыдырап жойылуы үшін шамамен 450-500 жыл кететін пластик қоқыс құрап отыр. 

0 пікір
Мұрағат