Пицца жеу әдеті ажалдан аман алып қалды
Пицца жеу әдеті ажалдан аман алып қалды
8 жыл бұрын 3406

Кёрк Александер есімді ер адам 2009 жылдан бері күн сайын пиццаға тапсырыс береді. Оның бұл әдеті өміріне араша болады деп кім ойлаған? Пицца тапсырысын қабылдайтын адам оның аты-жөнін мониторынан бірнеше күн көре алмай, көңіліне күдік шабады. Таныс клиентіне бірдеңе болып қалмады ма? Менеджер Сара Фуллер осы күдіктің жетегінде барлық ауысым қызметкерлерінен Керктің тапсырыс бергенін-бермегенін сұрап шығады, сайттағы тапсырыстарды тексереді. Бірақ, неше жылғы клиентінің аты-жөні кездеспейді. Сара клиентінің басында бір жағдай болғанын түсініп, көлік жүргізушісін оның мекен-жайына жұмсайды. Көлік жүргізушісі тапа тал түсте клиенттің үйінің шамы сөндірілмегенін байқайды, теледидар даусы шығып тұрады, алайда, есікті ешкім аша қоймайды. Ол дереу құтқару қызметімен хабарласады. Құтқарушылар есікті бұзып кіргенде еденде ес-түссіз жатқан үй иесін көреді. Оны дереу емханаға жөнелтеді. Қазіргі уақытта «пицца клиентінің» беті бері қарады. 

0 пікір
Мұрағат