Медицинада адал сүйек тіндері дайындалып жатыр
Медицинада адал сүйек тіндері дайындалып жатыр
8 жыл бұрын 3089 Ihsan.kz

Түркияның Денсаулық сақтау министрлігі «халал» стандарттарына сай келетін сүйек тіндерін жасау жөніндегі эксперименттерді жүргізуді қолдады. Ғалымдардың айтуынша, сүйек трансплантанттары доңыздың емес, сиырдың биоматериалдарынан дайындалмақ. Исламда доңыз етін пайдалануға тыйым салынуы себепті елдегі көп мұсылман қауымы хирургиялық оталардан бас тартады. Зерттеу орталығының директоры Талат Бугур трансплантанттың жануарлар сүйегі мен синтетикалық материалдан  жасалатынын жеткізді. Қазір жануарлардың биоматериалынан дайындалатын трансплантант тек АҚШ-та жасалады және құны да тым жоғары. Сонымен қатар ол арам саналатын  доңыз сүйегінен дайындалады.

0 пікір
Мұрағат