Перзентханадағы ысырапшылдыққа тосқауыл қойылмақ
Перзентханадағы ысырапшылдыққа тосқауыл қойылмақ
6 жыл бұрын 2401 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі бала тууына байланысты салтанатты шараларды шектемек. Бұл шаралар, әсіресе, шарананы перзентханадан шығарып алу кезіндегі ас та төк ысырапшылдыққа тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр. Бұл жайында аталған елдің денсаулық сақтау министрі Әлішер Шаманов мәлім етті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай салтанатты шараларды шектеу үшін медциналық мекеме қызметкерлерімен түсіндіру, насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, айы-күні жақындаған жүкті әйелдерге де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Олар өз кезегінде билік пен дәрігерлердің талабын туған-туыстарына жеткізуде. Ол ол ма, баланы қырқынан шығарғанша қандай да бір кез келген салтанатты шараға тыйым салу керектігін алға тартып отыр мамандар. Осы жұмыстардың арқасында ел астанасы – ташкент қаласындағы перзентханалардан мыңдаған ана сән-салтанатқа жұмсалатын артық шығынсыз шыққан.

0 пікір
Мұрағат