Педофилдер электронды чиптермен таңбаланады
Педофилдер электронды чиптермен таңбаланады
8 жыл бұрын 2703 24.kz The Daily Mail gifakt.ru Д.Изгуттинова

Индонезияда педофилдердің денесіне микрочиптер енгізілмек. Мұндай құрылғылар арқылы полиция кез-келген уақытта олардың қайда жүргенін анықтай алады. Ел билігін мұндай шараға сәуір айында болған 14 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі себеп болған. Жасөспірім қызды бір топ еркектер мен жеткіншектер зорлап, өлтіріп, мәйітін орманға лақтырып кеткен еді. Қылмыскерлердің жетеуі – 16-17 жастағы жасөспірімдер түрмеге жіберілді. Ал қалған бесеуі сот үкімін күтуде. Педофилдерді «чиптеу» туралы қаулыға жақын күндері қол қойылуы тиіс. Басқа шаралар арасында қылмыскерлерді химиялық кастрациялау да қарастырылып отыр.

0 пікір
Мұрағат