75 МЛН БАЛА БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН
75 МЛН БАЛА БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛҒАН
8 жыл бұрын 2277 E-ISLAM

Әлем бойынша қарулы қақтығыс жүріп жатқан елдерде 75 млн бала білім алу мүмкіндігінен айырылды. БҰҰ Балалар қоры (UNICEF) осындай мәлімдеме жасады, деп жазады «Би-би-си».

Аталмыш мәлімдеме Стамбулда 23-24 мамыр күндері өтетін Әлемдік гуманитарлық саммит қарсаңында жарияланды. Саммит жұмысында «Білім уақыт күтпейді» қоры туралы хабарлама жасалып, әлемнің қақтығыс аймақтарындағы балаларға білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.

UNICEF алдағы бес жыл ішінде 4 млрд доллар қаражат жиып, 13,6 млн балаға білім беруге бағыттауды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, қазіргі уақытта 3-18 жас аралығындағы 462 млн бала гуманитарлық дағдарыс аймағында өмір сүреді.

0 пікір
Мұрағат