Палестинаны қолдаған арабтардың басын шабуға уәде етті
Палестинаны қолдаған арабтардың басын шабуға уәде етті
9 жыл бұрын 2896

«Біздің үйіміз – Израил» деп аталатын патрияның жетекшісі әрі Израил сыртқы істер министрі Авигдор Либерман сайлауалды жиында сөйлеген сөзінде сионистік мемлекетте тұрып жатып, Палестинаның өз алдына мемлекет болуына қолдау білдірген арабтардың басын шабатынына уәде берді. Бұл арада 1948 жылы өзінің тарихи отанында, атамекенінде отырған арабтар жайында сөз болып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысымен Израил мемлекеті осы жерде құрылған болатын. Сондай-ақ, ол Израилге қолдау білдірген арабтардың да израилдіктер ие болып отырған құқыққа қол жеткізетінін мәлімдеді. Бұл жайында Alray.ps ақпарат көзі хабар таратты. Израил СІМ басшысы бұл жолы да Умм әл-Фаһм қаласын израилдіктер халықаралық тұрғыдан заңсыз иеленіп алған, еврей келімсектері орналасқан Иордан өзенінің батыс жағалауындағы елді-мекендерге айырбастау мәселесін көтерді. Айта кетейік, аталмыш шаһар Израилдегі Назарет пен Рахаттан кейінгі арабтар көп шоғырланған қала болып табылады. Авигдор Либерман бқл қаланы аврей келімсектерінің елді-мекендеріне айырбастауға неге мүдделік танытып отыр деген сауал туындайды. Өйикені, мұндағы арабтар Израилге демографиялық қауіп төндіріп тұр. Яғни, арабтар көбейген сайын күш алып, Израилге тікелей қауіп төндіруі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде Израилге тиімсіз.  Оның үстіне аталмыш шаһардағы арабтар Израил билігінің Палестинаға қатысты жүргізіп отырған өктем әрі озбыр саясатына қарсы талай рет шеруге шығып, наразылықтарын білдіріген болатын.

 

Израилдіктер палестиналықтарды жаппай ұрлауға көшті

Израилдік тарапынан жаулап алынған Құдыстағы Силбан ауданында кеше палестиналықтар мен сионистер арасында қақтығыс орын алды. Бұл қақтығыстың орын алуына израилдік қауіпсіздік күштерінің палестиналықтарды тұтқындап әкетпек болған әрекеті түрті болды. Осы қақтығыста алты палестиналық түрлі деңгейде жарақат алды. Бесеуін тұтқындап әкетті. Женева қаласында орналасқан ұлттық даму жөніндегі арабтар тобының дерегіне қарағанда израилдік сарбаздар өткен айдың өзінде 328 палестиналықты тұтқындап әкеткен. 243 палестиналықты Иордан өзенінің батыс жағалауында, 68 палестиналықты Құдыс шаһарында, 17 палестиналықты Газа секторында ұрлап әкеткен. «Ұрланғандар арасында 66 палестиналық әлі кәмелеттік жасқа толмаған жастар, 19-ы әйелдер»,- деп айтылған Палестина ақпарат орталығының мәліметінде. 

0 пікір
Мұрағат