Пәкістанның экс-президенті өлім жазасына кесілді - конституциядан ауытқығаны үшін
Пәкістанның экс-президенті өлім жазасына кесілді - конституциядан ауытқығаны үшін
4 жыл бұрын 2164 tengrinews.kz

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып, өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Пәкістанның мамандандырылған алқа соты елдің экс-президентін 6-бап бойынша айыпты деп танып, өлім жазасына кесті.

Пәкістан заңы бойынша конституция ережелерін бұзған адам мемлекетке сатқындық жасады, деп айыпталады екен. Үш адамнан құралған алқа сотының екі мүшесі экс-президенттің қатаң жазалануына дауыс берген.

Тергеу мәліметінше, 2001-2008 жылдары ел басқарған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке сатқындық жасаған. Ол елде төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы сот мүшелерін қамауға алу туралы бұйрық берген. 

0 пікір
Мұрағат