Өзбекстан мен Түркіменстан Аралдың тұзына көміліп қалды (фото+видео)
Өзбекстан мен Түркіменстан Аралдың тұзына көміліп қалды (фото+видео)
6 жыл бұрын 10827 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дауылдан Арал теңізінің тартылған табанынан көтерілген тұз Өзбекстанның батыс бөлігін басып қалды және тұзды шаң-тозаң Түркіменстанға дейін жеткен. Нақтырақ айтқанда, Өбекстан құрамындағы Қарақалпақстан орталығы - Нүкіс қаласында оның алдында 40 градус аптап ыстық орнаған еді. Ауа температурасы аталған қалада 20 градусқа төмендеп, жаңбыр жауған, артынша қатты боран соққан. Тұзды шаң қаланы тұтас басып қалды. Қала тұрғындарының тыныс алуы қиындап, бетперде киюге мәжбүр болды. Тұзды шаң-тозаң, тіпті, жабық есік-терезеден енген. Тұздан бөлек, азот тыңайтқышы да бар болып шықты шаң-тозаң құрамында. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының көзін жасауратып, қызартып тастаған екен. Табиғи стихия Түркіменстанның Дашоғыз облысына да жеткен. Жылдамдығы секундына шамамен 20 метрді құрайтын қатты желден тұзды дауыл тұрып, Өзбекстанның Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында соққан. 



 

 

0 пікір
Мұрағат