Өзбекстан Арал проблемасымен қалай күресуде?
Өзбекстан Арал проблемасымен қалай күресуде?
7 жыл бұрын 6453 egemen.kz

Бір кезде әлемдегі үлкен теңіздердің бірі болған Аралдың аумағы 50 жылдың ішінде екі есе, су көлемі 5 есе азайды. Судың тереңдігі 18 метрге төмендеді.

Аралдың апатқа ұшыруынан туған экологиялық проблема Қазақстан мен Өзбекстанға тікелей әсер етті. Тартылған соң теңіз екіге бөлінді: Үлкен Арал – Өзбекстанда, Кіші Арал – Қазақстанда.

aral-kanaldar

Әмудария суы каналдар арқылы егістіктерге бұрылды

Арал мәселесін шешуге қатысты аталған екі елдің көзқарасы екі түрлі. Қазақстан өз территориясы арқылы өтетін Сырдарияның суын дұрыс пайдалану және Көкарал бөгетін салу жолымен Аралдың өзіне қарасты бөлігін құтқарып қалғысы келеді. Кіші Аралда соңғы 13 жылда су деңгейі бірнеше метрге көтерілді. Соның арқасында мұнда балық шаруашылығы қайтадан біртіндеп дами бастады. Көкарал бөгетін тағы екі-үш метрге биіктетсе, теңіз 20 шақты жыл ішінде Арал қаласына келеді деген болжам бар. Қазір қала мен теңіздің арасында 17 км қашықтық жатыр.
k3sh3-aral

Кіші Аралдың деңгейі 6 жылда 12 метрге көтерілді

Ал Өзбекстанға келсек, Аралға құятын тағы бір өзен Әмудария бұл елдің шаруашылығы үшін аса маңызды рөл атқарады. Өзен суы түгелдей егістік суаруға жұмсалады да, теңізге мүлдем бармайды. Сондықтан Өзбекстанға Аралды құтқарудан гөрі, өзінің ауыл шаруашылығын сумен қамту маңызды. Екіншіден, теңіздің құрғаған табанында мұнайдың мол қоры жатыр деген жорамал бар.  Ташкент соны игергісі келеді. 2006 жылдың тамыз айында өзбек үкіметі халықаралық консорциуммен 40 жылға келісім жасады. Консорциум құрамында қазір «Өзбекмұнайгаз», ресейлік «Лукойл Оверсиз», қытайлық CNPC бар. Олар Аралдан мұнай барлау жұмыстарына 110,2 млн доллар жұмсады.

t9z-aral

Аралдағы тұзды боран

Құрғаған теңіздің орында қалған миллиардтаған тонна тұз аймақтың табиғаты мен тұрғындардың денсаулығына орасан зиян келтіруде.

Өзбекстан құрғаған теңіз табанынан ұшқан тұзды шаңды тоқтату үшін сексеуіл егуді қолға алды. Бүгінге дейін Үлкен Аралда 500 мың га аумаққа 4 млн сексеуіл көшеті отырғызылған. Құмға егілген әр 100 көшеттің 40-ы ғана өссе де, қазір теңіз орнында кәдімгідей сексеуіл тоғайы пайда болғанын көруге болады.

saksauly

koshet

0 пікір
Мұрағат