Өткен жылдың есте қаларлық ең елеулі заңы...
Өткен жылдың есте қаларлық ең елеулі заңы...
4 жыл бұрын 1998 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Филиппиндік оқушыларға оқуын бітіргенше кем дегенде 10 ағаш, ал жоғарғы оқу орындарының студенттеріне 30 ағаштан отырғызу міндеттелді. Аталған ел билігі жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы күрестің осынау түрін заңдастыру үшін Филиппин парламентінің депутаттары Гари Алехано мен Страйк Ревилла ұсынған тиісті заң жобасы көктемнің соңында қабылданды. Филиппиндік депутаттардың бұл бастамасы өзгелерге ой саларлық, сабақ аларлық өміршеңдігімен, прагматикалық ұтымдылығымен ерекшеленеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 1990-2005 жылдар аралығында, яғни, бар-жоғы айналдырған 15 жыл ішінде ел аумағындағы орман-тоғайдың үштен бірінен айырылып қалған болатын. Орман ағаштары түрлі мақсатта аяусыз оталып, қоршаған ортаға үлкен залал келтірілген еді. Депутаттардың есебінше, билік тарапынан мақұлданған заң талаптары орындалса, ел аумағында жылына кем дегенде 175 млн ағаш отырғызылады екен, ал бір ұрпақ алмасатын уақыт аралығында бұл көрсеткіш 525 млн ағашты құрайтын болады. Осы орайда Австралияның тек бір өзінде ғанаи 2030 жылға дейін 3 млн гектар орман-тоғай жойылады. Бұл жайында кезінде CNN Philippines ақпарат көзі хабар таратқан болатын.

0 пікір
Мұрағат