Наным-сенімі бойынша әскерге барудан бас тартқандарға балама жолын ұсынады
Наным-сенімі бойынша әскерге барудан бас тартқандарға балама жолын ұсынады
4 жыл бұрын 2375 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2020 жылдан бастап, Оңтүстік Кореяда наным-сенімі бойынша отан алдындағы парызын өтеуден бас тартқандарға түзету мекемелерінде баламалы қызмет арқылы әскери борышын өтей алады. Бұл жайында кәрістердің Yonhap News ақпарат көзі таңғы шық елінің қорғаныс министрлігінің өкілдерінің бұл бағыттағы мәліметіне сілтеме жасай отырып хабар таратты. Конституциямен кепілдік берілген наным-сенім бостандығын желеу етіп, отан алдындағы парызын өтеуден бас тартқандар түзету мекемелерінде 36 ай бойы әскери борышын өтейді. Бұдан бөлек, түзету мекемелерінде баламалы әскери борышын өтегендер сол мекеме қабырғасында 8 жылға дейін тағы қызмет етеді. Міндетті түрде қатысуы тиіс резервтік жаттығудың орнына. Сондай-ақ, 2020 жылдың екінші жартысында әкімшілік және қылмыстық іске барған әскерилерді гауптвахтіге қамау жүйесі қолданыстан алынады. Оның орнына жалақысын азайту, сөгіс жариялау, қатаң ескерту жасау, тәртіпке шақыру секілді жазалар қолданылады. Мұнымен ғана шектелмей биылдан бастап, оңтүстік кореялық әскерилердің жалақысы 33%-ға, яғни, 540 900 вонға (468 доллар айына), ал 2022 жылы 676 100 вонға (585 доллар) артатын болады. Түрлі сылтаумен, соның ішінде, наным-сенім бостандығы да бар, әскери борышын өтеуден қашатындарды отан алдындағы парызын өтеуге ынталандыру үшін аталған ел билігі осындай ірі қадамдарға барып отыр. Байқасаңыз, керісінше, наным-сенімін желеу етіп, отан алдындағы парызын орындаудан бас тартқандар үшін баламалы әскери қызметті өтеу орны етіп түзету мекемесін белгілегені де әрі олардың сарбаздарға қарағанда артықшылыққа ие болмайтыны да, қысқасы, әскери борышын баламалы жолмен өтейтіндердің жағдайы өз еркімен әскери борышын өтейтіндерге қарағанда төмен болмақ.

Таңғы шық елінің билігі 2022 жылға қарай елдің қарулы күштер сапындағы сарбаздар санын 500 мың адамға дейін қысқартуға бел буып отыр. Бұл жайында аталған елдің Yonhap ақпарат агенттігі хабар таратты. Ел билігінің мұндай қадамға елдегі демографиялық ахуалдың нашарлауынан барып отыр. Туу көрсеткіші төмен әрі халықтың қартаю процесі қарқын алуына байланысты қарулы күштерді ауқымды өзгерістер күтіп тұр. Есесіне, санынан гөрі сапасына баса назар аударылады: осы заманғы жоғары технологиялы қарумен жарақтандыруды мақсат етпек. Бүгінгі таңда халқының саны 52 млн адамды құрайтын Оңтүстік Корея қарулы күштерінде 600 мың сарбаз бар. Ал халқының саны 25 млн-нан аспайтын Солтүстік Корея қарулы күштеріндегі сарбаздар саны 1,3 млн-нан асады.

0 пікір
Мұрағат