«Орыс империялық қозғалысы» террористік ұйым ретінде танылды
|
АҚШ-тың мемлекеттік департаменті ресейлік «Орыс империялық қозғалыс» ұйымын террористік ұйымдар тізіміне енгізді. Осы орайда АҚШ-та ислам атын жамылған радикалды ұйымдар ғана лаңкестер қатарына жатқызылып келгенін айта кету керек. Бұл АҚШ билігі террористік ұйым ретінде таныған алғашқы ұйым ислам атын жамылғандарға еш қатысы жоқ. Осы уақытқа дейін АҚШ-тың мемлекеттік департаменті террористік ұйым деп таныған 68 ұйымның бәрі ислам атын жамылған ұйымдар болатын. АҚШ билігі террористік ұйым ретінде таныған «Орыс империялық қозғалысы» туралы Ресей қоғамының өзі жөнді біле бермейді. «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі аталған ұйымның сайтында аталмыш қозғалыс «орыс монархиялық, патриоттық және оңшыл консервативтік ұйым» деп сипатталған. Кей ақпарат көздеріне қарағанда, 2014-2015 жылдары Донбастағы сепаратистер қатарында соғысқан.