Өрмекшінің жаңа түрі табылды
Өрмекшінің жаңа түрі табылды
10 жыл бұрын 10003

Марокконың шөлінен өрмекшінің жаңа түрі табылды. Осы уақытқа дейін адамзатқа белгісіз болып келген өрмекшінің бұл түрі секіріп жылжитынымен ерекшеленеді. Cebrennus rechembergi деген атау берілген өрмекші күндіз құмда жасырынып жатады, тек қараңғы түскенде ғана азық іздеп шығады.

Өрмекші секундына 1-ден екі метрге дейін жылдамдықпен жылжиды. Алайда, өрмекші тек аса зәру жағдайда ғана, мәселен, қатер төнгенде осындай жылдамдықпен жылжитынын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат