Орман-тоғайды химиялық емес, биологиялық жолмен қорғайтын болды
Орман-тоғайды химиялық емес, биологиялық жолмен қорғайтын болды
13 күн бұрын 152 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия республикасының ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің жасаған мәлімдемесіне сәйкес ел аумағындағы орман-тоғайды зиянкес жәндіктерден химиялық заттармен емес, биологиялық, биотехникалық және механикалық жолмен қорғамақ. Осы мақсатта ел аумағындағы орман-тоғайларға 14,5 млн жыртқыш қоңыздардың төрт түрін жіберді. Зиянкес жәндіктерден қорғайтын қоңыздарды 45 зертханада өсірген. Түріктердің Anadolu Ajansı жаңалықтар қызметі таратқан хабарға қарағанда, биыл, яғни, 2019 жылы тағы 500 мың пайдалы жәндік өсірілмек. Осы уақытұа дейін ел аумағындағы орман-тоғайға 540 397 қоңыз жіберілген. Олар табиғи жолмен өсіп-өніп, 14,5 млн-ға жеткен. Аталмыш министрлік мәлімдемесінде мұндай жәндіктер  «терминатор қоңыздар» деп аталған. Зиянкес жәндіктермен күрес зиянкес жәндіктерді қорек ететін құстар арқылы да жүргізіліп жатыр. Яғни, орман-тоғайларда құстар үшін ұя салынуда.

0 пікір
Мұрағат