Мұсылмандарға қатысты ақылға сыймайтын экстремизм белгілері бекітілді
Мұсылмандарға қатысты ақылға сыймайтын экстремизм белгілері бекітілді
6 жыл бұрын 4813 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының керін келтірген Қытай билігінің тым асыра сілтеген саясатының астарында этникалық азшылықты бас көртерместей етіп тұқыртудан өзге мақсат жатқан жоқ. тарқатып айтқанда, Қытайдың ұйғыр мұсылмандар шоғырланған Синьцзян провинциясының басшылығы мұсылмандарға қатысты экстермистік белгілер тізімін жасапты. Дәлірегі, бұрын жасалған аталған тізімді ұлғайтқан екен. Ендігі жерде осы тізімдегі белгілеріге қарап, бейбіт мұсылмандардың кез келгенін тұтқындай алады. Терроризммен күресті желеу етіп. Radio Free Asia халықаралық ақпарат агенттігінің таратқан хабары мен келтірген мәліметіне қарағанда, бұрынғыдай спиртті ішімдіктерден бас тартқандар ғана емес, сонымен қатар, оң қолына сағат таққандар да, мешіттен тыс жерде намаз оқығандар да, тіпті, құлаққа ерсі естілсе де, азық-түліктің артық қорын жинағандар да террористер қатарына жатқызылады. Жалпы алғанда, аталған тізімде мұндай 75 белгі бар болып шықты. Көбісі көңілге қонбайды. Айта кетейік, аталған провинция тәртіп сақшылары әр үйден қасиетті Құран кітаптарының даналары мен жайнамаздарды тәркілеп алып кеткен болатын. 

0 пікір
Мұрағат