Мұсылмандардың ар-намысына тиетін сауалдан бас тартады
Мұсылмандардың ар-намысына тиетін сауалдан бас тартады
7 жыл бұрын 2858 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Канада билігі елге келген мұсылман босқындарға қойылатын исламофобиялық мазмұны болғаны үшін арнайы анкетадан бас тартып отыр. Канадалық полиция осы елден пана тапқысы келетін мұсылмандарға ерекше анкетаны пайдаланып келген еді. Аталмыш анкетада туған жері, денсаулығы, аталған елде туыстарының бар-жоғына қатысты әдеттегі сауалдардан бөлек, террористер мен экстремистерге қатысы барын сұрайтын сауалдар да болатын. Канадалық билік мұндай сауалдарды діни кемсітушілікке апаратынын ескеріп, аталған анкетадан алып тастауға пәрмен берді. 

0 пікір
Мұрағат