Мұсылмандарды тың тәсілмен тұқыртпақ
Мұсылмандарды тың тәсілмен тұқыртпақ
10 жыл бұрын 3434

Австралияның оңшыл радикалдары мұсылмандарды тұқыртудың  тың тәсілін ойлап тауып алды. Олар көшелер мен көпшілік жүретін қоғамдық орындарда шариғат шәлісін жамылған әйелдерді таспаға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге орналастыруда. Тек орналастырып қана қоймай, астына мұсылмандардың ар-намысына тиетін былапат сөздерін қоса жазады.

- Мен әдеттегіше жұмысыма бет алған болатынмын,- деп еске алды осындай сорақылықтың куәсі болған үш баланың анасы. – Құрбыларым менің суретімді Facebook-тағы Австралияның қорғау лигасының парақшасынан көргендерін жеткізді. Артынан өз суретімді көріп, естен тана жаздадым,- дейді.

Сол сияқты Ральф Серминар есімді радикал Facebook әлеуметтік желісінде: «Мен елімізде ислам дініне тоқтам салуға шақырамын. Күллі әлемде осылай болатынына үміт артамын. Мұсылмандар өлуі тиіс болса, өлсін. Не біз қаламыз немесе олар қалады» деп жазыпты. 

0 пікір
Мұрағат