Мұсылмандарды бала асырап алуға шақырып отыр
Мұсылмандарды бала асырап алуға шақырып отыр
7 жыл бұрын 2843 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияның қайырымдылық қорларының бірі жетім қалған балаларды асырап алуға мұсылмандарды тартатын бағдарламаны жария етті. Батыс Йоркшир елді-мекенінде орналасқан Penny Appeal ұйымы осы жобаны жүзеге асыруы үшін білім беру министрлігінен 200 000 фунт стрелинг грант алды. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Айта кету керек, 2015 жылы ата-анасынан өлідей немесе тірідей айырылған 70 мың баланың екі мыңдайы мұсылман отбасынан шыққан. Бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Өйткені, жергілікті билік жетім қалған балалардың ата-аналардың діни сенімін қаперге алмаған. Бұған қоса, аталған елде босқын балалардың да қарасы көп. Олардың дені қарулы қақтығыс аймағынан келген мұсылман отбасынан шыққандар. Тағы бір айта кете жайт, британдықтар жетім балаларды сирек асырап алады. 

0 пікір
Мұрағат