Мұсылмандар сынақтан өткізіліп жатқан жаңа жүйенің «тәжірибе қояндарына» айналды
Мұсылмандар сынақтан өткізіліп жатқан жаңа жүйенің «тәжірибе қояндарына» айналды
6 жыл бұрын 3983 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ұйғыр мұсылмандары шоғырланған Синьцзян автномды ауданында адамның жүзін тану жүйесін сынақтан өткізіп жатыр. Бұл жайында Bloomberg ақпарат көзі хабар таратты. Яғни, ұйғыр мұсылмандары бақылау мен қадағалаудың,  аңдудың субьектісіне айналып отыр. Егер мұсылмандар«қауіпсіз аймақтан» 300 метр қашық кетсе, аталмыш жүйе дереу билік орындарына хабарлап отырады. «Қауіпсіз аймаққа» мұсылмандардың тұрғын үйлері мен жұмыс орындары жатады. Адам құқығын табанға таптайтын Қытай билігінің бұл шектен шыққан әрекеті әлем қауымдастығының наразылығын тудырып отыр. The Competitive Enterprise Institute ми орталығының вице-президенті Джим Харпер аталған жүйеге қатысты өз ойын былай білдірген екен: «Мұндай жүйе адамдарды қас қақпай қадағалауға жақсы. Баяғыда «Құжатыңызды көрсетіңіз» сөз тіркесі тирандар тұсында өмір символы болған еді. Қазір билік орындары құжат сұрап жатпайтын болды».

0 пікір
Мұрағат