Мұсылман саяхатшылары үшін жоғары технологиялық анықтамалық ұсынылды
|
Германиядағы «ITB Berlin 2016» жоғары технологиялар көрмесінде халал туристік нарықта көмекші құралды, дәлірегі, жаңа сайт таныстырылды. «TRIPFEZ» онлайн-порталы бағасы әр түрлі және түрлі бағыттағы шариғат талаптарына сай туристік қызметтер (қонақ үй, асхана, т.б.) ұсынады. Нақтырақ айтқанда, аталмыш порталдың мәліметтер базасында 200 мыңнан аса халал қонақ үйлер қамтылған. Осы қонақ үйлердің 10 мыңы «SalamStandard» стандартына ие болған. Salam Standard — көрсетілетін қызметтердің шариғат талаптарына сай келетіндігін растайтын ресми стандарт. Сондай-ақ, «Tripfez» онлайн-порталы 108 млн мұсылман туристері үшін виртуалды дүкен қызметін де ұсына алады. Аталған порталдың негізін Фаииз Фазлиллах есімді мұсылман қалаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды
■
Адамзат таза әрі шексіз энергия алуға бір табан жақындады
■
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ