Мұсылман оқушысы тапа тал түсте жәбір көрді
Мұсылман оқушысы тапа тал түсте жәбір көрді
10 жыл бұрын 4057

Британияның Бристол қаласының тұрғыны өзінің туған қаласында көшенің қақ ортасында тапа тал түсте жәбір көрді. Оқушы мұсылман қызын шариғат шәлісін жамылғаны үшін әлдебір ер адам оны балағаттап, бетіне түкіріп кетті. Бір қынжылтатыны, жүргіншілердің бірде-біреуі оған араша түсіп, болысқан жоқ. Бетіне түкіргенімен қоймай «Келген жағыңа кет» деп ақырған. Ата-жөнін жасырған мұсылман оқушы қызы жанын жаралап кеткен осы оқыс оқиғадан кейін дүниеден баз кешіп, мүлдем тұйықталып кеткен. «Бұл барып тұрған қорқақтың әрекеті. Бәрінен бұрын мені қызға ешкімнің көмектеспегені болды. Полиция шақыртып болса да»,- деді қынжыла тіл қатқан жергілікті қалалық кеңестің мүшесі Хибак Жама.

0 пікір
Мұрағат