Мұсылман емес елде шариғат енгізілуі мүмкін
Мұсылман емес елде шариғат енгізілуі мүмкін
6 жыл бұрын 5526 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британиялық The Guardian мерзімді басылымы Австралия премьер-министрі Малкольма Тарнбулла тапсырмасына сілтеме жасай отырып, аталған елде белгілі бір мәселелерде шариғат талаптары қолданылуы мүмкін екенін жазыпты. Тарқатып айтқанда, Австралия премьері елдегі діндердің дамуы үшін, соның ішінде, ислам діні де бар, сарапшыларға ел аумағында тұратын мұсылмандар үшін белгілі бір аяда шариғат талаптарын қолданысқа енгізу турасында ұсыныс білдірген екен. Тек ел премьері ғана емес, Квинсленд университетінің профессоры Николас Арони де бұл бастаманы қолдап отыр. Елдің конфессиялық дамуы үшін құрылған жұмысшы тобының жетекшісі (бұрынғы ел прокуроры) Филипп Руддок бастаған сарапшылар бұған қалай қарайды? Олар шариғат талаптарын енгізуге қарсы болса, онда бұл бастама аяқсыз қалмақ. Шариғат талаптары қандай мәселелерде қолданылады? Неке қидырғанда немесе ажырасуда, мұраны бөлуде. Десе де жергілікті исламофобтар мен радикалды либералдар, ультраоңшылдар, феминистер бұл бастамаға өретүрегеліп қарсы шығатыны сөзсіз. Сөз орайы келгенде тағы бір айта кететіні, шариғат талаптары ішінара Еуропа елдері бойынша тек Грекияда ғана қолданылады. Кейінгі кезде шариғат талаптарын алып тастау туралы талаптар қойыла бастаған болатын бұл елде де.

0 пікір
Мұрағат