Мектептерде шырша қоюға тыйым салынды
Мектептерде шырша қоюға тыйым салынды
6 жыл бұрын 6523 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжікстан мектептерінде жаңа жылдық шырша қоюға тыйым салынды. Аталған елдің білім және ғылым министрлігі осындай пәрмен беріп отыр. Аталмыш министрліктің баспасөз хатшысы Эхсон Хушвакт хабарлағандай, мұндай шешім ақша жинауға жол бермеу мақсатында ата-аналар тарапынан түскен өтініш негізінде қабылданған. Ата-аналар шығынданғысы келмейді деп емес, ысырапшылдыққа бармау үшін осындай қадамға барды деп түсіну керек. Десе де аталмыш министрлік өкілдері жаңа жылды мерекелеуге қоғамдық орындарда тыйым салмайды. Бір айта кететіні, тәжік оқушылары қысқы каникулда бір ай бойы, дәлірегі, қаңтар айының 1-нен 31-не дейін демалады. 

0 пікір
Мұрағат