Мұсылман елі астанасындағы алып айшық наразылық тудырды
Мұсылман елі астанасындағы алып айшық наразылық тудырды
9 жыл бұрын 4971

Пәкістанның іскерлік орталығы – Карачи қаласында осынау ислам еліне мүлдем жат әрі жараспайтын көп қабатты үйдей үлкен алып айшық пайда болды. Бұл монумент елдегі мұсылмандардың наразылығын тудырды. Бұл алып айшықты аталмыш шаһардың ел көп жүретін қақ ортасына осыдан жарты жыл бұрын христиан Парвиз Генри Джилл орнатқан болатын. Бұл жайында «New England Public Radio» ақпарат көзі хабар таратты. Биіктігі 42 метрге жететін айшық бамбук ағашымен өрімделген (құрылыстық қалып). Осы жобаның авторы 58 жастағы христианның сөзіне қарағанда оған бұл ой көктен келген. Яғни, түсінде құдай оған аян берген.

1 пікір
Мұрағат