Мұсылман елі әлемде босқындарға барынша жағдай жасаған ел ретінде танылды
Мұсылман елі әлемде босқындарға барынша жағдай жасаған ел ретінде танылды
6 жыл бұрын 3224 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркиядағы Ұлыбритания елшісі Доминик Чилкотт Түркияның ел аумағындағы босқындарға уақытша пана болып қана қоймай, оларға да ел азаматтары секілді білім беру, денсаулық сақтау, өмірлік маңызы бар салалардың қызметін пайдалануға рұқсат бергенін әлемнің өзге елдеріне үлгі етіп отыр. Елші халықаралық қауымдастықты миграциялық дағдарыс  ұзақ уақытқа созылған жағдайда  қалай әрекет ету керектігін көрсеткен Түркияның игі тәжірибесін қолдануға шақырды. Анкара қаласындағы Ұлыбритания резиденциясында мінберден сөз алған елші осылай дей келе әлем тұрғындарының үш пайызын халықаралық босқындар құрап отырғанын жеткізді. Нақты санға шаққанда, 258 млн адам босқын атанған. Оның айтуынша, олардың 65 млн-ы өз еркімен босқын атанбаған. 40 млн босқын өз елінің аумағында тентіреп жүргенін де жеткізді. 22 млн босқын халықаралық мигрант мәртебесіне ие болғанын да тілге тиек етті. 3 млн босқын шетелден пана сұрап отыр. Босқындардың дені соғыстан тьитықтаған Сириядан, Ауғанстаннан және Ирактан.

0 пікір
Мұрағат