Бомба туралы заң қабылданды
Бомба туралы заң қабылданды
6 жыл бұрын 3736 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр парламенті жарылғыш қаруды жасаған, сақтаған және таратқан лаңкестерді өлім жазасына кесуді мақұлдап отыр. Бұл жайында «әл-Аһрам» ақпарат көзі хабар таратты. Егер мемлекет жарылғыш заттың теракті үшін жасалғанын дәлелдей алмаса, оны жасаған, сақтаға адам өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Десе де сарапшылар бұл заң жобасы билікке қарсы келгендер үшін әзірленгенін алға тартып отыр. Өйткені, оппозиция өкілдерінің үйінен тінту кезінде жарылғыш заттар табылған болатын.

0 пікір
Мұрағат