Мешіт отқа оранды (видео)
Мешіт отқа оранды (видео)
8 жыл бұрын 2836 e-islam.kz

Австралияның Виктория штатына қарасты Джилонг қаласындағы орталық мешіт толықтай өртеніп кетті. Апаттан зардап шеккендер туралы әзірше дерек жоқ. Алдын ала хабар бойынша, өрт сөндіруші қызмет көліктері уақиға орнына жеткен уақытта ғимарат толығымен отқа оранған. Алапат өрт мешіт шатырын ортасына түсірді. Өрттің шығу себебі де әзірше жария етілмеді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт пайда болғанға дейін жарылыс дауысын естілген. Джилонг қаласы өрт қызметі басшылары төтенше жағдай себебі көптеген сауал тудыратынын жеткізді. «Өрт қызметі мен полицияның пікірінше, өрт себебі өте күмәнді. Қазір біз зерттеу, тергеу амалдарын жүргізудеміз» дейді өрт қызметі басшысы Марк Синкинсон.

0 пікір
Мұрағат