Мектеп бітірушілер кешіне тыйым салынды
Мектеп бітірушілер кешіне тыйым салынды
8 жыл бұрын 4160

Өзбекстанда 9-шы сыныпты аяқтаған оқушыларға мектеп бітіру кешін өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, емтиханға және мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға рұқсат жоқ. Орта білім ордасының мұғалімдері мен директорлары аталған тыйымды бұзбау жөнінде қолхат жазып беріп жатыр. Тағы бір айта кететін жайт, ашық алаңда өтетін дәстүрлі «соңғы қоңырау» шарасы бір сағаттан артық уақытқа созылмауы тиіс. Салтанатты шараны тек мектеп мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар, ата-аналар, тәртіп сақшылары қадағалайтын болады. Бұл жайында «islamreview.ru» порталы  «CA-News» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған тыйым елдің білім беру министрлігі тарапынан осымен екінші жыл қатарынан салынып отыр. 

0 пікір
Мұрағат