Марқұмды жоқтап, аза тұту ережесі қолданысқа енгізіледі
Марқұмды жоқтап, аза тұту ережесі қолданысқа енгізіледі
7 жыл бұрын 4408 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тәжік билігі ел аумағында қолданысқа енгізілетін аза тұту ережесін жариялады. Аталмыш ережені Тәжікстан Республикасы үкіметі жанындағы ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты реттеу және дін істері жөніндегі комитеті ТР президенті жанындағы ислам зерттеу орталығымен, Тәжікстан ғұламалар кеңесімен ақылдаса отырып әзірледі. Аталмыш ережеде қаза ел аумағында қаза болған адамды қалай жерлеу керектігі, қандай талаптар сақталуы керектігі жазылған. Былайша айтқанда, бұл нұсқаулықта жазылғандай, кісісі өлген үй қан шығармайды, яғни, қаза қайырлы болсын айта келгендерге мал сойып, қазан көтеруге, дастархан жаюға, сондай-ақ, марқұмның қырқын және асын беруге тыйым салынған. Бұған қоса, дауыс салып жоқтауға, шаш жұлуға, бет тырнауға, сондай-ақ, жылайтын кісілерді жалдауға тыйым салынған. Тағы бір шарты: шымқай қара киінуге рұқсат берілмейді. 

0 пікір
Мұрағат