Лай көшкінінен 80 адам жоғалып кетті
Лай көшкінінен 80 адам жоғалып кетті
9 жыл бұрын 3439

Өткен аптаның жұма күні Индонезияның Орталық Ява провинциясында орын алған лай көшкінінен 24 адам қаза тауып, 84 адам із-түссіз жоғалған. Бұл жайында «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне Рейтер порталы сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Рейтер порталы өз кезегінде табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі ұлттық басқарманың ақпарат орталығына сілтеме жасаған. Табиғи апат нөсердің салдарынан орын алған. Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмысына екі мыңнан аса адам тартылған. Айта кетерлігі, Индонезияда лай көшкіні жауын маусымында жиі орын алады. Бұл елде лай көшкіні жиі орын алатындықтан 17 мыңнан аса аралды мекен ететін индонезиялықтардың дені таулы әрі қыратты жерлерде тұрады. 

 

0 пікір
Мұрағат