Күншығыс елі көмір тасымалданатын жалғыз теміржолды жапты
Күншығыс елі көмір тасымалданатын жалғыз теміржолды жапты
5 жыл бұрын 2247 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапониядағы «Ринко-сэн» деп аталатын көмір тасымалданатын жалғыз теміржол жабылды. Кусиро қаласынан көмір тиейтін пунктті Хоккайдоға жалғайтын аталмыш теміржол 94 жыл бойы жұмыс істеген еді. Бұл теміржолдан жылына 720 тонна көмір тасымалданатын. Аталмыш теміржол Taiheiyo Coal Services & Transportation Co компаниясының иелігінде болатын. Жапондардың "Жижи" ақпарат көзі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, бұрын аталған теміржолдың жабылуына күншығыс еліндегі көмір қорының таусылуы әрі көмір импортының арзандығы, сондай-ақ, ел билігінің энергетикалық саясатындағы өзгерістер себеп болған. 

0 пікір
Мұрағат