Король мұрагерін ауыстырды
Король мұрагерін ауыстырды
7 жыл бұрын 2892 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудия королі Сальман мұрагерін ауыстырды. Яғни, ханзада Мұхаммед бен Наифтың орнына королдің 31 жастағы ұлы Мұхаммед бен Салман таққа отырады. Корол Салман тақтан бас тартқан жағдайда немесе қайтыс болса. Бұл жайында "әл-Арабия" ақпарат көзі хабар таратты. Король Салман өзінің осыған дейін мұрагері болып Мұхаммед бен Наифтың неден жазып қалғанын кім білсін, оны Ішкі істер министр қызметінен де алып тастады. Елдің ішкі тәртібіне жауапты бұл лауазымды қызметке ханзада Әбдіәзіз бен Сауд бен Наиф тағайындалды. Айта кетейік, Мұхаммед бен Наиф корол Салман таққа отырғанда 2015 жылдың көктем мезгілінде соңғы мұрагер ханзада болған еді. Сол кезде королдің ұлы, қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салман мұрагер ханзаданың орынбасары титулына ие болған. 

0 пікір
Мұрағат