Кения үкіметінің көздегені қылмыскер ме, жоқ әлде Ислам діні ме?
Кения үкіметінің көздегені қылмыскер ме, жоқ әлде Ислам діні ме?
2 жыл бұрын 906

Кения үкіметі елдегі мешіттерді нысанаға ала бастады. Түрлі себеп-сылтаулар тауып, осы елдегі Алла үйлерін бірінен соң бірі жабуда. Ондағы желеулері – мешіттер «Әш-Шәбаб» қарулы ұйымына жастар жинап беріп жатқан көрінеді-мыс. Яғни, мешіт қызметкерлері жастарды осы ұйымға үгіттеп жатыр деген сылтаумен барлық мешіттің жабылуын талап еткен.

Үкіметтің бұл шарасына наразылық танытқан осы елдің сенаторы Биллоу Керроу: «Бұл есірткі тасымалданғаны үшін Момбаса айлағын түгелдей жауып тастағанмен не бір үйді жалға алып тұрған адам қылмысты болды деп сол үйді түгелімен бомбалап тастағанмен бірдей. Бұл болмайды. Егер күдікті адам болса, онда соны нысанаға алсын, мешіттерді емес», – дейді.

Оның айтуынша, үкіметтің мешіттерді жабуы барлық мұсылмандарды кінәлағанмен пара-пар. «Олар бұл әрекеттерімен адамдарды емес, бүтіндей бір наным-сенімді кінәлауда. Егер бір мұсылман лидері «Әш-Шәбаб» үшін адам жинаса, барып соны ұстасын», – дейді сенатор.

Кения әскері осыдан бір ай бұрын бір мешітке шабуыл жасап, ондағы 100 шақты адамды «Шебаб» ұйымының мүшесі деп айыптап, тұтқындап әкеткен болатын. Сөйтіп оларды таяқ астына алып, қинап, зәбір көрсеткен еді. Алайда, олардың айыптаған адамдары еш кінәсіз болып шыққан. 

0 пікір