Рохиньялық мұсылмандар азаматтық ала бастады
Рохиньялық мұсылмандар азаматтық ала бастады
10 жыл бұрын 2782

Мьянманың түйткілді мәселелер жөніндегі Irrawady тәуелсіз ғаламтор  ресурсы хабарлағандай, Аракан штатында орналасқан лагерлердің біріндегі тұлғалардың арасынан 209 мұсылманға (рохиньялық) азаматтық беріле бастаған. Аталмыш штатта 2012-2013 жылдары буддашыл радикалдар осы елдегі азшылықты құрайтын мұсылмандарға қысым көрсетіп, нәтижесінде 140 мұсылман босқындар лагерінде паналауына тура келген. Мьянманың көші-қон ісіне жауапты шенеуніктер әзірге босқындар лагеріндегі 1209 мұсылманға азаматтық берілетініне уәде беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат