Кедейлерге қажылыққа баруға тыйым салды
Кедейлерге қажылыққа баруға тыйым салды
6 жыл бұрын 3885 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті сапарға аттанғысы келетіндердің өтінішін қарау кезінде Тәжікстанның дін істері жөніндегі комитеті тілек білдірген адамның қаржылық жағдайына қарайтын болады. Егер қажылыққа барғысы келетін адамның тұрмысы төмен, жағдайы нашар болатын болса, оның өтініші қанағаттандырылмайды. Қажылықты ұйымдастыру комиссияның жетекшісі әрі премьердің орынбасары Әзім Ибрагим осы мәселеге арналған жиында ел билігінің неліктен мұндай қадамға барып отырғанын түсіндірді. Оның айтуынша, онсыз да тұрмысы төмен адамның жағдайын одан ары ауырлатпау мақсатында осындай шектеу шарасы қолға алынып отыр.

0 пікір
Мұрағат