Жұмыстан титығып өлетіндер қарасы артып келеді
Жұмыстан титығып өлетіндер қарасы артып келеді
5 жыл бұрын 2609 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда Қытайдың Чунцин қаласында Цзян Жуйхуа есімді 55 жастағы жол-көлік полициясы қызметкері өз кабинетінде жұмыстан зорығып өлген. Бұл жайында Daily Mail ақпарат көзі хабарлады. Ол 24 сағат, яғни, тәулік бойы кезекшілікте болған. Осыдан кейін ол таңғы қарбалас шақта орын алатын кептелісті болдырмау үшін көшеге шығуы тиіс болатын. Алайда, қызметкерлердің бірі оның кабинетіне бас сұқпай ма, ес-түссіз жатқан әріптесін көреді. Дереу жедел жәрдем шақыртқанымен дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмаған. Миына қан құйылып кеткен. Жұмыстан зорыққандықтан. 1986 жылдан бері жол-көлік полицейі болып жұмыс істейтін ардагер қызметкердің бұл өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Әсіресе, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, интернет пайдаланушылар ел билігінен жұмыс күнін қысқартуды талап етіп жатыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталған ел аумағында жылына 600 мыңнан аса адам жұмыстан зорығып, қаза табады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, таяуда әлеуметтік желіде Қытай көшелерінің бірінде таспаға тартылып қалған тұрпайы көрініс көрген жанның жағасын ұстатқан еді. Қолына ту ұстаған адамның соңынан еңбектеген қызметкерлердің шеруі былайғы жүргіншілер мен жұрттың назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Артынан белгілі болғандай, жергілікті компания басшылары белгіленген жоспарды орындай алмаған қызметкерлерін дүйім ұрттың көзінше масқаралап, жазалаған әрі еңбекке «ынталандырған» түрі екен. Полиция араласпағанда бұ көріністің соңы немен аяқталатынын болжау қиын еді. Мұндай қадамға барған компания басшылығына тек ауызша ескерту жасалды.

0 пікір
Мұрағат