Жоғарғы сот мектеп оқушыларына хижаб киюге рұқсат етті
Жоғарғы сот мектеп оқушыларына хижаб киюге рұқсат етті
5 жыл бұрын 13246 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кенияның жоғарғы соты мектеп оқушыларының білім беру мекемесінде қандай киім киетінін өзі таңдауға әрі шариғат шәлісін жамылуға мүмкіндік беретін қаулы қабылдады. BBC Swahili ақпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, аталмыш ел аумағындағы методист шіркеуінің қарамағындағы Исиоло ауданында басынан орамалын шешпегені үшін мектептен қуылған оқушы қыздардың басындағы жағдай қоғамда резонанс тудырған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш жоғарғы соттың бұл қадамы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат