Жиырма екі мың Құран кітабын жерге көмеді
Жиырма екі мың Құран кітабын жерге көмеді
7 жыл бұрын 6766

Германия полициясы "Хақ дін" деп аталатын белсенділер қозғалысынан тәркіленіп алынған қасиетті Құранның неміс тіліндегі 22 000 данасын жерге көметін болып шешті. Дәлірегі, жан аяғы баспайтын шөлге апарып көміп тастауды ұйғарып отыр. Бұл жайында rusverlag ақпарат көзі WDR телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Аталған елдің ішкі істер министрлігі мұндай қадамға мұсылмандардың діни сезімін қорламау үшін барып отырғандарын жеткізді. Айта кетейік, "Хақ дін" деп аталатын белсенділер қозғалысына бұл ел аумағында 2016 жылдың қараша айында заң жүзінде тыйым салынған болатын. Аталған қозғалыстың "Оқы!" атты акциясы аясында 3 млн-нан аса Құран кітабының данасы елге тегін таратылған еді. Тағы бір айта кетер жайт, "Хақ дін" желтоқсан айының орта шенінде Лейпциг қаласындағы федералды әкімшілік сотына қарсы шағым түсірген болатын. Осылайша, аталған тыйым әлі заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті, Құран даналары қазіргі уақытта Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жерге қарасты Пульхаймдегі (Pulheim) қоймада жатыр.

0 пікір
Мұрағат