Жасы 18-ден асқан бойжеткендерге ер адамнан туысқанын ертпей-ақ кіші қажылығын өтеуге рұқсат беріледі
Жасы 18-ден асқан бойжеткендерге ер адамнан туысқанын ертпей-ақ кіші қажылығын өтеуге рұқсат беріледі
5 жыл бұрын 2078 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Көп ұзамай жасы 18-ден асқан саудиялық бойжеткендерге ұмраны ер адамнан туысқанын ертпей-ақ өтеуіне мүмкіндік берілмек. Бұл жайында қажылық және ұмра жөніндегі ұлттық комитет төрағасының орынбасары Абдолла әл-Катһи мәлім етті. Қазіргі уақытта аталған араб елінің аумағында жасы 45-ке толмаған әйелдер ер адамнан туысқанын ертпей алыс сапарға немесе саяхатқа шыға алмайды. Ал жасы 45-тен асқандарға келсек, жанында тағы бір әйелдің болуы талап етіледі.

0 пікір
Мұрағат