Жақсылық жасауда қай дін өкілдері алда?
Жақсылық жасауда қай дін өкілдері алда?
8 жыл бұрын 2823

Қайырымдылық жасау жөніндегі британдық мемлекеттік комиссия діндер арасындағы ең жомартын анықтады. Аталған комиссия мүшелерінің айтуынша, игі істерде мұсылмандарға ешбір дін өкілдері жетпеген. Қасиетті Рамазан айында, яғни, бір айдың ішінде мұсылмандар мұқтаждарға 100 млн фунт стерлингке тарта қаржыны садақ еткен. Осынау комиссия мүшесі Ник Доналдсон ораза айында мұсылмандардың әр секунд сайын 38 фунт стерлингтен садақ беріп отырғанан жеткізді. Қалтасы қалың кей мұсылмандар 30 мың фунт стерлингке дейінгі қомақты қаржыны ойланбай садақа еткені де белгілі болды. Бұл жайында «IslamNews» ақпарат көзі «Russia Today» порталына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ұлыбританияда мұсылмандардың 2500-нан аса қайырымдылық ұйымы бар екен. Филантропия жөніндегі ұлттық кеңестің дерегіне қарағанда, мұсылмандардың қайырымдылық ұйымдары жыл сайын 542 млн фунт стерлинге жуық қаржы жинап, мұқтаждардың қажетіне жұмсайды. Ал «ICM and Just Giving»-тің 2013 жылғы есебі бойынша британдық мұсылмандар орташа статистикалық британдықтарға қарағанда екі есе садақа берген. 

0 пікір
Мұрағат