ЖАПОНИЯДА ДІНИ РӘСІМДЕРДІ АТҚАРАТЫН РОБОТ ЖАСАЛДЫ
ЖАПОНИЯДА ДІНИ РӘСІМДЕРДІ АТҚАРАТЫН РОБОТ ЖАСАЛДЫ
6 жыл бұрын 2674 muslim.kz

Жапония елінде тұңғыш рет діни рәсімдерді атқаратын робот жасалып шығарылды. Белгілі болғандай, ерекше қызмет атқаратын темір роботты дүниеге әкелуге діни рәсімдер атқаратын компаниялардың бірі бастама көтерген көрінеді.

Арнайы бағдарлама арқасында робот буддизм діні бойынша жерлеу рәсімін атқара алатын көрінеді. Атап айтқанда, оның жерлеу кезінде сутра оқып, гонг ұруға қабілеті бар.

Жапондықтар үшін бұл діни роботтың дүниеге келуі ақша үнемдеуге үлкен үлесін тигізетін болмақ. Айта кетейік, қазіргі таңда Жапония мемлекетінде жерлеу рәсімін атқару үшін қызметкер шақыру құны шамамен 2200 доллар тұрады. Ал, діни роботтың қызмет көрсету ақысы әлдеқайда арзан – 450 доллар.

Айта кетейік, діни рәсімдерді атқаратын робот жапон елінде алғаш рет шығарылып отырғанымен, бұған дейін бұл тектес темір құрылғы 2016 жылы Қытай елінде жасалған болатын. Лунцюань ғибадатханасында пайда болған «монах робот» мантра оқып, адамдарға «бақыт – айнласындағыларға көбірек көмек жасауда» екенін ескертіп тұратын.

0 пікір
Мұрағат