Жануарларға жәбір көрсеткендерге күншығыс елінде қандай жаза қарастырылған
Жануарларға жәбір көрсеткендерге күншығыс елінде қандай жаза қарастырылған
5 жыл бұрын 3181 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Таяуда жапон парламенті үй жануарларын ұстайтын қожайындарды асырауындағы хайуандарға ен салуды міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Мұндағы мақсат қараусыз әрі қаңғыбас жануарлардың санын азайтуға саяды. Микро ен салу науқаны жануарларды қорғау туралы қолданыстағы заң талаптары ішінара өзгертілгеннен кейін, дәлірегі, үш жылдан соң жүзеге асырылады. Жапондық «Асахи Симбун» мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, қазіргі уақыттағы күншығыс елінде қолданыста жүрген заң талаптарына сай  жануарларды орынсыз себеппен жәбірлеген немесе өлтірген адамдарға 46 мың доллар айыппұл салынады немесе екі жылға бас бостандығынан айырады. Сондай-ақ, дүниеге келгеніне 56 күн толмаған жануарлардың төлін немесе баласын саудалауға, яғни, сатуға немесе сатып алуға тыйым салынады. Өйткені, аталмыш елде жануардың баласын енесінен айыру жануардың баласына зиян келтіруі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат