Жаңа заң мешіт қызметін қатаң реттейтін болады
Жаңа заң мешіт қызметін қатаң реттейтін болады
6 жыл бұрын 3964 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінде қарастырылып жатқан заң жобасында аталған елдің Ислам істері және садақа жөніндегі бас басқарманың мақұлдауынсыз діни іс-шаралар, дәріс өткізгендер, қасиетті Құранды насихаттағандар жауапкершілікке тартылып, жазаланады. Яғни, аса ірі мөлшерде айыппұл салынады немесе белгілі бір уақытқа абақтыға жабылып, бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, бұл заң жобасында аталған жоғарғы органның келісімінсіз діни ұйымдарға адамдарды жұмысқа алуға, садақа жинауға тыйым салынады. Аталған заң талаптарын бұзғандар үш айға қамалады немесе 5000 дирхам мөлгерінде айыппұл төлейді. Федералды ұлттың кеңес, сонымен қатар, осы ел аумағындағы мешіттер қызметін реттейтін ережелерге назар аударған. Яғни, тек білікті, арнайы курстан өткен имамдар ғана уағыз айтуға, дінді түсіндіруге құқылы. Тағы бір айта кететіні, біз сөз етіп отырған заң жобасында мешіт маңында қайыр тілегендер де, имамдардың қызметіне кедергі келтіргендерге де жаза қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат